Аңғар негізгі орта мектебі КММ 2024-2025 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1 қыркүйек білім күні «Мектебім- мейірім мекені» тақырыбында өткізілген салтанатты жиынның анықтамасы
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1 қыркүйек білім күні «Мектебім - мейірім мекені» тақырыбында өткізілген салтанатты жиын. Бұл іс - шараға мектеп ұжымы, оқушылар және ата- аналар қатысты. Мақсаты: Баланың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы - жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір - бірімен қарым - қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Салтанатты жиын мектеп басшысының құттықтау сөзімен басталды, онда жаңа оқу жылының басталуымен барлығын құттықтап оқушыларға ілім жолында табыстар тіледі. Сондай ақ қонақтар тарапынан құттықтау сөздер айтылды, және де бірінші сынып оқушыларына ерекше назар аударылды.Ісшара барысында оқушылар өнер көрсетті. 9 сынып оқушылар 1 сынып оқушыларына құттықтау сөз сөйлеп оқу құралдарын табыстады.
https://angar-arkalyk.edu.kz/kz/is-sharalar-angar/9145-mektebim-mejirim-mekeni-ta-yrybynda-tkizilgen-saltanatty-zhiyny.html#sigFreeIdb04cb65a88

