18 Желт 2024
Іс-шаралар

«Отбасым мақтанышым»

Отбасы күніне орай «Отбасым мақтанышым» тақырыбында жоспар бойынша жұмыстар атқарылып, бәрі жүйелі түрде папкаға салынып, әлеуметтік желіге жарияланды. Мақсаты:

1. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.

2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыту.

3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты қалыптастыру.

Мектебімізде "Отбасыммен бірге біріншіге" атты сайысы әуелі бір-біріне сәттілік, ыстық, лебіз білдіру мен басталды. Қоржыннан асық алу арқылы отбасылардың реттік нөмірі анықталды. Отбасылар өздерінің отбасы мүшелерін өлеңмен таныстырып шықты. Сайыс барысында үй тапсырмасы бойынша ән шырқалып, көркем сөз айтылды. Ситуациялық, жағдаяттар шешімін тапты. Сонымен қатар отбасының ең кіші мүшелеріне жекелей бояу, пазл құрастыру берілді. Сайыс соңында отбасы мүшелері болып бірігіп үй құрастырды.

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар